Маңғыстаулықтар Кореяда өткен жауынгерлік самбодан әлем чемпионатының күміс жүлдегері Нүркен Домбаевты күтіп алды, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты. Әлемдік бәсекеде бақ сынаған палуанды ата-анасы, достары, жанкүйерлері мен облыстық «Жас батыр» спорт мектебінің ұжымы қарсы алды. Күміс жүлдені қоржынға салған спортшы бауырсақ пен шұбаттан дәм татты. Жүзден жүйрік шыққан самбошы жанкүйерлері мен бапкерлеріне өз ризашылығын білдірді.
Жұлдызай ҚАЛИЕВА
Суреттерді «Жас батыр» спорт мектебі ұсынды