©
Ақтауда дзюдодан халық батырлары «Иса-Досан» жүлдесіне арналған ІІІ халықаралық турнир өтті. 23-25 наурыз аралығында «Маңғыстау-арена» спорт кешенінде өткен жарысқа 2001-2003 және 2004-2006 жылы туған жасөспірім ұл-қыздар қатысты.
Халықаралық турнирге Маңғыстау облысы, Батыс Қазақстан облысы, Ақтөбе облысы, Атырау облысы, Қызылорда облысы, Оңтүстік Қазақстан облысы, Жамбыл облысы, Шығыс Қазақстан облысы, Алматы облысы, Қандағаш қаласы, Ресей және Қырғыз Республикасы мемлекеттерінен 794 спортшы қатысты. Турнирдің бас төрешесі халықаралық дәрежедегі төреші Данияр Айтымбетов болды.
Үш күнге созылған тартысты бәсекеде жалпы командалық есепте 12 алтын медальмен Маңғыстау облысының командасы 1-орынды жеңіп алды. Екінші орынды қоржынына 5 алтын медаль салған Қызылорда облысының спортшылары иеленсе, 3-ші орын 4 алтын медаль алған Атырау облысына бұйырды.
Жарыс барысында Халықаралық турнирдің өтуіне демеушілік көрсетіп, өлке спортын қолдап жүрген жергілікті азамат Нұрпейіс Сәрсенбай ҚР Мәдениет және Спорт министрлігі тарапынан "Дене шынықтыру мен спортты дамытуға сіңірген еңбегі үшіні төсбелгісімен марапатталды.
Камшат ОҢҒАЛТАЙ,
Суреттерді "Жас батыр" спорт мектебі ұсынды
[gallery td_select_gallery_slide="slide" ids="50562,50563,50564,50561"]