©
Маңғыстау облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының ұйымдастыруымен Мұнайлы ауданы, Басқұдық ауылдық округінің БЖСМ спорт ғимаратында жасөспірімдер арасында грек-рим күресінен Маңғыстау облысы чемпионаты өтті.
Жарыстың мақсаты: Маңғыстау облысынан ең мықты палуандарды Қазақстан чемпионатына іріктеу. Палуандар арасында грек-рим күресінің шеберлігін арттыру, спортшыларды республикалық жарыстарға дайындап, спорттық шеберлігін шыңдау. Жасөспірімдерді жаппай спортпен жүйелі түрде айналысуға тарту және жасөспірімдер арасында салауатты өмір салтын насихаттау.
Жарысқа 6 команда, Жаңаөзен қаласының құрамасы, Ақтау-1, Ақтау-2 қаласының құрамалары, Маңғыстау, Мұнайлы, Бейнеу ауданының құрама командаларынан жүзге жуық палуандар бақ сынасып, ең мықты палуандар анықталды.
Сонымен қатар біздің Бейнеу ауданының құрамасындағы палуандар арасынан Жұбатхан Шахаев (80 кг), Самат Ермеков (110 кг) 1-орынды иеленсе, Айдын Шоғыбаев (45 кг) 3-орынға ие болды. Жұбатхан мен Самат сынды палуандарымыз ақпан айында Талдықорған қаласында өтетін Қазақстан чемпинатына жолдама алды. Олар Маңғыстау облысы құрамасы атынан Қазақстан чемпионатына қатысатын болады.
Грек-рим үйірмесінің бапкері И.Байшекеновпен бірге Ж.Шахаев, С.Ермеков және Абай атындағы орта мектептің оқушылары А.Шоғыбаев пен Ш.Қызылғұлов Астана қаласында оқу жиын дайындық орталығында Қазақстан чемпионатына дайындалуға шақырту алды.
Бейнеу құрама командасының төрт палуаны: Жұбатхан Шахаев, Самат Ермеков, Айдын Шоғыбаев, Шахан Қызылғұлов Маңғыстау облыстық құрама командасының құрамына алынды.
Үміт ҚАЗДАЕВА
Тағы оқыңыз: Маңғыстау күресінің тарихында 1 олимпиада жүлдегері, 5 әлем чемпионы шыққан