Маңғыстау облысында Таэквандо спорт түрінің негізін қалаушы Қонысбай Бектілеуов және бокстан спорт шеберіне үміткер Қайрат Жалғасовты еске алуға арналған кикбокстан Маңғыстау облыстық чемпионаты 13-14 қаңтар аралығында Ақшұқыр ауылында жаңадан ашылған спорт кешенінде өтті.
«Ер Қосай Құдайкеұлы» атындағы спорт кешенінде өткен жарысқа облыс және аудан бойынша 2000-2001 және 2002-2003 жылдары туған жас өспірімдер қатысып, бақ сынап, 12 салмақта чемпиондарды анықтады. Жарыс жеңімпаздары Қазақстан чемпионатында бақ сынайды деп күтілуде.
Өз тілшімізден