Ақтаудағы велошеруде облыс әкімі озып кетті
[ 2017 ] 23 қыркүйек, 11:34 | Спорт
Бүгін Ақтаудың туған күніне орай велошеру өтті.
Таңғы сағат 08.00-де басталған велошеруге шамамен 150-ден астам қала тұрғыны қатысты. Спорттық шараға Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов, облыс әкімінің орынбасарлары, депутаттар, басқарма басшылары және өңірдегі ірі кәсіпорын басшылары да белсенді қатысты. Маңғыстау облысының әкімі өңір спортшыларына 20 велосипед және жағдайы төмен отбасы балаларына 10 велосипед тарту етті.
Велошеру бірнеше кезеңнен тұрды. Екінші кезеңде жүлделі ІІІ орынға Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов ие болды.
Суреттерді түсірген Серік МАЙЕМЕРОВ
[gallery td_select_gallery_slide="slide" ids="36747,36748,36743,36741,36746"]
1020
Маңғыстау Медиа
Редакциялық пікір мақала авторлары мен оқырмандардың пікірлеріне сәйкес келмеуі мүмкін. Жазба және пікірлердегі ақпараттың дұрыстығы үшін авторлардың өздері жауапты.