©
22-24 қыркүйек күндері Ақтауда «Өмір тынысы» қоғамдық ұйымының ұйымдастыруымен «Трансплантация жасалған адамдар мен диализдегі науқастар арасындағы спорттық шаралардың алғашқы ашылуы» өтеді. Бұл туралы бүгін Өңірлік Коммуникациялар қызметінде айтылды.
- Операция жасалған адамға күш-жігер, қайрат керек. Олар да кез келген спорт түрімен айналыса алады. Республикалық спорт жарысы өтуі өте маңызды деп ойлаймын. Жеңімпаздар шетелде өтетін халықаралық спорт сайысына қатысады. Бұл дегеніңіз – өмірге деген құштарлықты арттыратын мотивация, - дейді «Өмір тынысы» қоғамдық ұйымының төрағасы, жүрек трансплантациясының реципиенті Жәнібек Оспанов.
- Дамыған елдерде транслантация жолға қойылған. Маңғыстауда осыған дейін 45 адам бүйрегін ауыстырған, қаншама азамат ота жасату үшін кезекте тұр. Бүгінде мемлекет науқасқа транслпантация тегін жасауды қарастырып отыр: алғашқы қаралудан бастап ем-дом, оңалту кезіндегі күтімге дейінгі барлық емдеу кезеңдері үшін жағдай жасалған. Маңғыстаудан бүйрек ауыстырған 45 адам ішінен 6 адам ертеңгі өтетін жарысқа қатысқалы отыр, - дейді Маңғыстау облысының штаттан тыс жетекші трансплантологы Сағат Бекімов.
- Маған 2010 жылы Пәкістанда ота жасалды. Сол кезеңде елімізде мұндай мүмкіндік жасалған жоқ, яғни Отанымызда бұл операцияны жасау мүмкін болмады. Біз сияқты трансплантациядан өткен азаматтарға мұндай жарыс ерекше күш береді. Спортпен айналыссақ, 100 пайыз сау адамдай сезінеміз, - дейді бүйрек трансплантациясының реципиенті Батырбай Теңізбаев.
- 4 жылдан бері транслантация жасалған азаматтардың арасында футбол ұйымдастырып келеміз, ал биылдан бастап волейбол ойнай бастадық, менің арманым орындалды деп айтуға болады, – дейді Башқұртстан Республикасының (Ресей) нефрологиялық аурулар аймақаралық қоғамдық ұйымының төрағасының орынбасары Юрий Кандалов.
- Кез келген спорт саласымен айналысу үшін адамның он екі мүшесі сау болу маңызды емес. Бастысы – ниет, күш-жігердің болуы. Сау адам жайшылықта салауатты өмір салты туралы көп ойлана бермейді. Мұндай спорттық жарыстың өтуі біздерге, жастарға ерекше шабыт әкеледі, спортқа қызығуға үйретеді, - дейді Маңғыстау облыстық дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Бекболат Байжанов.
Сонымен, Ақтауда 5 спорт түрінен жарыс өтеді. Олар: дартс, үстел теннисі, воллейбол, боулинг және 50 метрге дейінгі қашықтықта жүзу. Сайысқа 40-тан аса адам қатысады.
Айта кетейік, елімізде жүрек алмастыру оталары бірнеше жерде жасалады. Солардың бірі - Астанадағы Ұлттық ғылыми кардиоxирургиялық орталық. Қазақстанда алғашқы жүрек трансплантациясы дәл осы орталықта жасалыпты 2012 жылдың 8 тамызы күні Жәнібек Оспановқа бірінші ота жасалды.
Қазіргі кезде Жәнібек Оспанов «Өмір тынысы» қоғамдық бірлестігіне жетекшілік етеді. Аталған ұйым реципиенттердің, яғни жүрек ағзасын күтіп жүрген адамдарға салауатты өмір салтын ұстануға көмектеседі. Қоғамдық ұйым бүгінде Қазақстан атынан Әлемдік транслпантациядан кейінгі спорт федарациясына (WTGF) мүше болып отыр. 2017 жылы Қазақстан спортшылары шілде айында алғаш рет Испанияда өткен ХХІ Әлемдік транплантойындарына қатысып, боулингтан бірінші орын алды.
Тағы оқыңыздар: Жолды қысқартамын деп өміріңізді қысқартып алмаңыз!Салтанатты ашылу 22 қыркүйек сағат 10:00-де Мүгедектер спорт клубында өтеді. Спорт жарыстары қайда өтетіні төмендегі тізімде көрсетілген:
Айгүл ДӘДЕН