27-30 шілде аралығында Алматы қаласында футболдан республикалық турнир өтті. Туринирге Алматы, Ақтау, Тараз, Қызылорда, Шымкент қалаларынан келген 8 команда қатысты. Жарыста Ақтау қаласының намысын «Әлихан» командасы қорғады. Бұл туралы «Ақтау Футзал» ресми парақшасы хабарлады.
Бірінші кезеңде «Әлихан» жергілікті "RBK Bank" командасымен ойнады.
Екінші кезеңде тараздық командамен кездесіп, ойынды тең аяқтады.
Үшінші турда алматылық «Салих» командасымен кездесті.
Ал финалда алматылық «СКА» клубы жерлестерімізден басымдықтарын танытып, «Әлихан» екінші орынға табан тіреді.
Суреттер «Ақтау Футзал» ресми парақшасынан алынды