©
24-26 наурыз аралығында Ақтау қаласында Шито-рю бойынша каратэ-додан Қазақстан Республикасының Чемпионаты өтті.
Қазақстанның барлық аймағынан келген спортшылар каратэнің басты стилі бола білген шито-рю сайысында жоғары деңгейде өнер көрсетті. Мұнайлылық жас спортшылар тартысты бәсекеде жеңісті қолдан бермеді. Ағайынды Азамат пен Айдос Мұхатовтар қос алтынмен ауданның абыройын асқақтатса, 35 келі салмақта өнер көрсеткен Айдана Мұхат та артқан сенімді ақтай алды. Саламат Құдайбергенов 52 келі салмақ дәрежесімен күміс жүлдені қанжығасына байласа, Темірлан Қисанов, Мадияр Баймұрат, Диас Рембай, Исламбек Шамшиев, Олжас Сүлейменов пен Наурызбек Көптілеу қола жүлдені иеленді.
Көрнекі сурет сайт архивінен