Бүгін "Жас Қанат" стадионында "Каспий" мен "Ақтөбе" футбол командасы кездесті. Ойын 1:1 есебімен аяқталды, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Алғашқы таймда екі команда да есеп аша алмады. Жергілікті "Каспий" футбол командасынан Д. Караев гол соғуға бірнеше рет талпынған еді. Алайда доп қақпаға дәл бағытталмады.
Ал екінші таймда ойын қыза түсті. Екі команда ойыншылары жинақталып, алаңға жаңа екпінмен шыққандай болды. Айта кетейік, "Каспий" құрамасындағы Нусиптің орнына У. Сали шықты. У. Салидің алаңға шыққанына 10 минут болса да есепті ашып үлгерді. Содан соң қарсылас команда ойыншылары белсенділік танытты. Ал ойын ортасында ақтөбелік Фенди пенальтимен есепті теңестірді.
Кездесу соңында тағы 3 минут қосылды. Десе де есеп еселенбеді.
Айта кетейік, бүгін футболдан ҚР Премьер Лигасының 1-туры басталды. Алғашқы күні ала доп алаңында "Каспий" - "Ақтөбе" командасы ғана кездеспеді. Сонымен қатар "Қайсар" - "Тараз", "Тобыл" - "Ақжайық" ойыны да өтті.
Жұлдызай ҚАЛИЕВА
Сурет "Каспий" ФК алынды