Маңғыстаулық боксшы Ниязбай Адайбек Ақтөбе қаласында өткен байрақты бәсекеде топ жарды, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Бокстан ҚР чемпионаты ақпанның 1-6 күндер аралығында өтті. Жарысқа 2005-2006 жылы туған жасөспірімдер қатысты.
Шаршы алаңда 54 келі салмақта бақ сынаған Ниязбай Адайбек 4 қарсыласынан оза шауып, 1-орынды жеңіп алды. Жас спортшыны ауыл әкімі, жерлестері мен жанкүйерлері Шетпе теміржол вокзалынан күтіп алды.
Еске сала кетейік, 2014 жылы Тұщықұдық ауылында спорт кешені ашылған болатын. Бүгінде Ниязбай Адайбек аталған бокс үйірмесінде жаттығады. Ол аудандық, облыстық жарыстарға қатысып, жүлделі орын иеленіп жүрген. Ал былтыр Қазақстан Республикасы чемпионатында 2-орын алған.