©
Бұл туралы әншінің өзі инстграм әлеуметтік желісіндегі парақшасында хабарлады.«Майкл Джексонның, Леди Гаганың дизайнері. Қазіргі күндері маған көмектесіп жүрген Залди мырза. Серіктестігіміз үшін командасымен Американың Лос-Анджелес қаласынан келді. Көптеген марапаттардың иегері», - деп жазды Димаш Құдайбергенов.
Залди Гоко - Нью-Йорктік танымал дизайнер. Ол осы күнге дейін әлемге әйгілі көптеген әншінің сахналық образын жасауға атсалысқан. Олардың қатарында Майкл Джексон мен Леди Гага да бар. Залди Гоко Димаш Құдайбергенге көмектесу үшін арнайы Қытайға келген екен.