Рухани жаңғыруға байланысты түбектегі ескерткіштерді сақтау мен қорғау жұмысы ауқымды шараларды сұранып тұр.
Түбектің түп қазығы туралы айтқанда Түпқараған ауданы мен оның орталығы, Форт-Шевченко қаласы аумағындағы тау сілемдері Сабыр ақын тілімен айтсақ, талай тарихты ішіне бүккен берісі өлке тарихына, әрісі қазақ тарихына қатысты жәдігерлер. Бұлар айтулы ескерткіштерден оқшаулана, күн мен желдің өтінде үнсіз мүлгіп тұр. Кім білген, арғы тарихты жазбалай берсе, ол жәдігерлер дене желгі өркениетпен байланыс, біз білмейтін, біз күтпеген небір керемет сырлары табылып та қалар...
Тағы оқыңыздар: «Ата жолына» асфальт төселе бастады (ФОТО, ВИДЕО)
Маңғыстау облыстық тарихи-мәдени қорық директоры, өлкетанушы Н.Құлбаевтың айтқанына сүйенсек, Түпқараған ауданы мен оның орталығы Форт-Шевченко қаласының аумағы, ауданға қарасты елдімекендердің аймақтарында жәдігерлердің 70 пайызы сақталғандығы айқындалған. Мемлекет басшысы «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында көнені қастерлеп, жаңалап жасауға шақырған болатын. Түбекте ғылыми зерттеулер жұмысы барысын көріктендіру, ескі және орта ғасырлық археологиялық ескі қаланың орны мен мекенін туристік мақсатта қолдану, оларды насихаттау және тарихи-мәдени құндылықтарды дәріптеу жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар мәдени мұраларды зерттеудің толықтай жүйесін құрудың облыс бойынша амалдары іске асырылу қолға алына бастады. Осы аймақтағы сарғайған ескерткіштер – еліміздің туристік нысандарына айналып, өз лайықты бағасын алатын, өз деңгейіне сай ұлықталатын күн жақын арада басталмақ. Өйткені, ескерткіштер – өміршең, олар уақыт өткен сайын санадан жоғалмай, керісінше сыры мен сипатына, сәулетіне жұртты тарта, қызықтыра түспек. Бұл ескерткіштер – осы санаттан табылатын құндылықтар. Республикамыздың Астанасынан шалғайда жатқан мұндай жәдігерлер жолдың қиындығы немесе қашықтыққа байланысты елеусіз қалуына себеп болмауы тиіс.
Боқан ТАҢҒҰЛОВ,
Маңғыстау облыстық ардагерлер кеңесінің мүшесі
Форт-Шевченко қалалық ардагерлер ұйымының төрағасы