Мұнайлы ауданы әкімдігінің мұрындық болуымен халықтың өткенін жаңғыртып, кешегі күннің рухани байлығын бүгіннің сахнасына алып шығу мақсатында Қызылтөбе мәдениет үйінде «Менің атым – Ұзақбай» атты облыстық жыр кеші ұйымдастырылды. Кеш түбекте туған ақын-жырау Ұзақбай Қазжанұлының 120 жылдығына арналды.
Ауданның 10 жылдығы аясында өткен жыр бәйгесіне өңірдің аудан, қалаларынан Қайрат Манаш, Арғын Бисен, Бердібай Бисенов, Ақтөбе қаласында өткен «Көкжарымбойыағынжыр» атты республикалық жыршылар сайысының бас жүлдегері Оспан Құлсымақов, Мекебай Тойғұлиев, жуырда өткен облыстық «ТүптөркінінтөргеоздырғанМаңғыстау»этнографиялық фестивалінің, Бекет атаның 250 жылдығына арналған жыршылар сайысының бірінші орын иегері Темірбек Асқанбаев қатысып, жыраудың өнерін насихаттады.
Тағы оқыңыздар: «Алау» сауықтыру лагері биылғы маусымын аяқтадыҰзақбай Әлиев Қашаған, Өмір, Қисықбас секілді ақындармен кездесіп, олардан үлгі-өнеге алған, ақын-жырау. Сүгір жырау Бегендікұлымен дос-жар, сапарлас болып, бір-бірінен шалғай тұрған кездерінде хат жазысып, хабарласып тұрған деседі. Ол өзі барған, сөзі жеткен Маңғыстау, Хорезм, Шағадам, Балқантау өңірлерін мекендеген халыққа ақындық, жыршылық өнерімен танылып, жұртшылықтың қошеметіне бөленген жырау болыпты. Жыр кешінде одан қалған сол сөздер дәріптеліп, көптің назарына ұсынылды. Ұзақбайтанушы Мұрат Ақмырзаев өз зерттеуіндегі деректермен таныстырса, ақынның немересі Дат Өткелбайұлы атасы туралы естеліктерді айтты. Жиынға Мұнайлы ауданының әкімі Нұрлан Тәжібаев, "Нұр Отан" партиясы аудандық филиалы төрағасының орынбасары Қалиолла Сахипов, Ұзақбай Қазжанұлының ұстазы Өмір ақынның шөбересі Зәмзәгүл Назарова, Сүгір ақынның немересі Жәнібек Сүгіров қатысып, сөз сөйледі. Жыраудың өзге де ұрпақтары болды.
Шахида ЖҰМАН
[gallery td_select_gallery_slide="slide" ids="33682,33685,33686,33684,33681,33683,33680"]