Қазақстандықтар осы аптада төрт күн демалады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 30 тамызда қазақстандықтар жұмыс істемейді, себебі бұл күні - ҚР Конституция күні, ол сәрсенбіге түседі. Ал 31 тамыз - жұмыс күні.
Ары қарай тағы бір мереке күні - 1 қыркүйек. Күздің бірінші күнінде қазақстандықтар Құрбан айт мерекесін тойлауды бастайды.
Ал 2 және 3 қыркүйек қарапайым демалыс күндері - сенбі және жексенбі.
Тағы оқыңыздар: Өз денсаулығымыз – өз қолымызда!Еске салайық, 2017 жылы мерекелік күнге байланысты демалыс күндерін ауыстыру тек Наурыз бен Астана күніне ғана өзгертілді. 1 қыркүйекте Қазақстан халқы дәстүрлі түрде Білім күнін тойлайды, алайда бұл күн ресми түрде демалыс күні болып тағайындалмаған.