©
Отан қорғаушылар күніне арналған салтанатты аудандық мәдениет үйінде өтті. Оған ардагерлер, аудан аумағында орналасқан әскери бөлімдердің жауынгерлері, жұртшылық өкілдері қатысты. Жиында аудан әкімі Темірбек Асауов ашып, бұл күннің еліміздің тарихындағы алар орны мен маңызы туралы айтты. Одан соң ауданның бір топ азаматы аудан басшысының қолынан облыс әкімінің және аудан әкімінің алғыс хатын алды. Олардың қатарында экономиканың әр саласында жұмыс істейтіндер, кәсіпкерлер және әскерилер бар.
Отан қорғаушыларЖиын соңы концертке ұласты. Осы концертте 1973-жылы құрылып, халықтың көңілінен шыққан, аты көп жерге таралған «Толқын» вокальды-аспаптар ансамблінің ұзақ жылдардан кейін қайта құрылып, жарыққа шыққаны аталып өтіліп, алғашқы шағын концерті бенрілді. Сондай-ақ «Қызғалдақтар» халықтық би ансамблі өнер көрсетті.
Айсағали ҚЫДЫР
Суреттерді түсірген автор