Ақтау қалалық соты Б-ны ҚК-нің 296-бабының 4-бөлігімен кінәлі деп танып, оған ҚК-нің 60-бабының 1,4-бөлігінің талабына сай, өтелмеген жазасынан ішінара қосып, түпкілікті 5 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындаған, деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты облыстық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ол жалпы саны 36 дана психотроптық заттарды аса ірі мөлшерде өткізу мақсатынсыз заңсыз сақтап жүргені және салмағы 43,73 грамм- меткатинонның (эфедрон) аналогы, 2-метиламино-1-(4-метилфенил) пропан-1-он (мефедрон)психотроптық заттары табылғаны үшін кінәлі деп танылған.
Апелляция үкімді өзгертті.
Маңғыстау облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы істі прокурордың апелляциялық өтінішхаты бойынша қарап, сот актісін мынадай негіздер бойынша өзгерту қажет деп тапты. Апелляциялық сатыда Б-ның кәмелет жасқа толмаған балаларының бары, алайда оның асырауында еместігі, балаларын күтіп-бағу үшін алиментті сотталғанның анасы төлеп отырғаны анықталды. Демек, бірінші сатыдағы сотпен жеңiлдететін мән-жайлар ретiнде Е-нің асырауында кәмелеттік жасқа толмаған балаларының болуы танылуын сот алқасы негізсіз деп табады.
Мұндай жағдайда сот алқасы Е-нің қылмыстық жауаптылығы мен жазасын жеңілдететін мән-жайлар анықталмаған деп табады.
Бірінші саты сотымен Е-нің әрекетінде ҚК-нің 14-бабының 2-бөлігінің 2-тармағына сай қылмыстардың қауіпті қайталануы танылған, оның әрекеті осы баптың 1-тармағымен танылуы қажет, өйткені ол бұрын аса ауыр қылмысы үшін сотталған бола тұра ауыр қылмыс жасаған.
Сот алқасы Е-нің бұрын қаруды, оқ дәрілерді заңсыз сақтағаны, қасақана адам өлтіруге оқталғаны, басқа адамды құқыққа қарсы қасақана қазаға ұшыратқан қылмыс жасағаны, мерзімінен бұрын шартты түрде босатылғанын, алайда, өзіне тиісті қорытынды шығармай, қайтадан адамдардың денсаулығына қатысты ауыр қылмыс жасағаны, аса ірі мөлшердегі есірткі, психотроптық заттарды заңсыз сақтағаны, тұрақты түрде заңға бағынатын өмір салтын ұстанғысы келмейтіндігін, әрекетінде қылмыстардың қауіпті қайталануы танылуын назарға алып, оған бірінші саты сотымен тағайындалған жаза мөлшерін әділ жаза деп санауға жатпайды деген қорытындыға келеді. Сондықтан, Маңғыстау облыстық соты жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, Е-ге қатысты үкімді өзгертіп, ҚК-нің 296-бабының 4-бөлігімен кінәлі деп танып, оған ҚК-нің 60-бабының 1,4-бөлігінің талабына сай, түпкілікті 9 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.
Үкімнің басқа бөлігі өзгеріссіз қалдырылды.