«Медиация туралы» Заңын қолдану туралы
[ 2019 ] 26 қараша, 10:57 | Құқық
Медиация-тараптарға өзара тиімді келісімге қол жеткізуге көмектесетін бейтарап тұлға медиатор көмегімен жеке және (немесе) заңды тұлғалар арасындағы дауларды (қатығыстарды) реттеу процедурасы.
Медиация - бұл дау-дамай жағдайларын шешу амалы, бұл жерде бейтарап үшінші тарап -медиатор дауласып жатқандарға, олардың арасында пайда болған келіспеушілікті шешуге, оларды түсінуге және қалыптасқан жағдайдан шығу нұсқаларын бірлесе отырып табуға, осылайша, дау-дамайды шешуге көмектеседі. Медиатор емес, ал дауласушы тараптар өздерінің арасындағы келісімге келу талаптарын тыңғылықтайды және олардың орындалуы үшін жауапкершілік жүктеледі.
Медиациялық тәртіптің мақсаты тараптардың шиеленіс деңгейін төмендету және даудың екі жақты да қанағаттандыратын шешіміне қол жеткізу. Оның тараптары жеке және (немесе) заңды тұлғалар болуы мүмкін. Медиатор медиация тарабы болып табылмайды, ол тек дауласатын тараптардың шешім қабылдау үдерісіне болысады. Медиация үдерісіне қажет болса заңгерлер, аудармашылар, сарапшылар және медиатордың көмекшілері қатыса алады.
Сотқа дейінгі тәртіпте және сот үдерісінде азаматтық, еңбек, отбасы және басқа құқықтық қатынастардан туындайтын дауларда (шиеленістерде), жеңіл және орташа ауыр қылмыс туралы істер бойынша қылмыстық сот ісі барысында қарастырылатын дауларды қолданылады.
Медиация үдерісіне қатыспайтын үшінші тұлғалардың мүддесін қозғаса немесе қозғайтын мүмкін дауларды, сот қабілетсіз деп таныған тұлғаларға қатысты, тараптардың бірі мемелкеттік орган болғанда, сыбайлас жемқорлық қылмыстары туралы қылмыстық істер және мемлекеттік басқару мүддесіне қарсы басқа қылмыстарға қатысты қолданылмайды.
Негіз болатын бес қағидамен медиация өзгешеленеді : бұл еріктілік-тараптардың және медиатордың өзара ерікті еркін білдіруі медиация үдерісіне қатысудың шарты болып табылады, екіншісі медиация тараптардың тең құқылығы, үшінші – медиатордың тәуелсіздігі және бейтараптығы, төртінші медиация рәсіміне араласуға жол берілмеуі, соңғысы құпиялық.
Медиация казіргі таңда көптеген елдерде қолданылады, әсіресе АҚШ, Германияда, Жапонияда, Ұлыбританияда, Индияда, Қытайда, Венгрияда, Кореяда, яғни жоғары дамыған елдерде.
Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә.Назарбаевпен 2011 жылғы 28 қантардағы «Медиация туралы» Заңымен Қазақстанда дауларды баламалы шешудің жаңа түрі-медиация енгізілді.
Аталған заңға нормативтік құқықтық актілер сәйкес келу үшін «Қазақстан Республикасының медиация мәселелері жөніндегі кейбір заңнамалық актілеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» заңы қабылданды. Осылайша, Қылмыстық, Қылмыстық-процессуалдық, Азаматтық, Азаматтық-процессуалдық, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстерге өзгертулер мен толықтырулар енгізілді.
2019 жылдың 11 ай қорытындысымен, сотта 2 қылмыстық іс медиация арқылы қысқартылды, 42 азаматтық іспен медиатор тараптардың арасында дауды келісім арқылы шешті.
Маңғыстау облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының жетекші маманы
Сарсенкул Төлесбаева
1252
Маңғыстау Медиа
Редакциялық пікір мақала авторлары мен оқырмандардың пікірлеріне сәйкес келмеуі мүмкін. Жазба және пікірлердегі ақпараттың дұрыстығы үшін авторлардың өздері жауапты.