Медиация - дәстүрлер жалғасы
[ 2019 ] 1 қараша, 11:25 | Құқық
Медиация - дауды шешу жолында тараптардың өзара әрекетке түсуін жүзеге асыратын кәсіби медиатордың көмегімен және ерекше іс жүргізу жағдайлары бойынша дауды шешудің мүмкіндігі мол, осы дауға қатысушылардың біріге отырып мәселелерді шешу процессі. Медиацияны кең тараған делдалдық және бітімге келу рәсімдерінің «жетілген нысандарымен» теңеуге болады, демек, медиацияның көп ғасырлар бойы бітімге келуге қызмет еткенін аңғаруға болады.
Қарапайым тілмен айтсақ, екі дауласушы тарап бар, олар сотқа жүгінгеннен гөрі кәсіби медиаторға баруды жөн деп санайды, өз кезегінде медиатор оларды тыңдап, дауды шешудің оңтайлы жолын ұсынады.
Медиацияның мақсаты - дауды шешудің медиацияның екі тарапын да қанағаттандыратын нұсқасына қол жеткізу және тараптардың дауласушылық деңгейін төмендету.
Қазақ халқы үшін бітімгершілік – билік айтудың ең озық өнегесі. Қорыта келгенде, Қазақстан Республикасында «Медиация туралы» Заңның қабылдануы өркениет көшіне батыл бет түзеген біздің қоғамымызда оң өзгерістердің жүзеге асырылып жатқандығының айқын көрінісі екендігін айғақтайды.
Негізінен айтқанда, бұл заң қазақ халқының дәстүрлі билер мен ата бабалар тағылымын, әдет-ғұрып тәжірибесін қалпына келтіруге жасалған игі қадамның бірі, оның тиімділігі мол деп есептесек қателеспейміз.
Ә.ӘУЕЛБАЕВА
Қарақия аудандық сотының
кеңсе меңгерушісінің міндетін атқарушы
1109
Маңғыстау Медиа
Редакциялық пікір мақала авторлары мен оқырмандардың пікірлеріне сәйкес келмеуі мүмкін. Жазба және пікірлердегі ақпараттың дұрыстығы үшін авторлардың өздері жауапты.