Мемлекеттің демократиялық даму жолында негізін құрайтын маңызды тармағының бірі — сот жүйесі. Сот төрелігінің сапалы жүзеге асырылуы —азаматтардың мемлекеттік құқықтық саясатқа, билікке сенім арттыруының кепілі. Өз құқықтарын қорғау мақсатымен сотқа жүгініп барған азаматты сот ғимаратында алғаш болып қарсы алатын сот приставтары. Өйткені сотқа келушілер тарапынан, сот мамандары мен басқа да тұлғаларға келуі мүмкін қауіп бетін қайтару сот приставына жүктеледі. Сотқа келген адамдарды алғаш қарсы алатын, тізімге тіркеп кіргізетін – сот приставы. Сот приставының қызметі – өте жауапты жұмыс.
Сот приставы туралы заңдар Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделген және Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік құқықтық актілерінен тұрады. Сот приставының Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес негізгі міндеттері: 1) сот отырысы кезінде залда қоғамдық тәртіпті сақтауын бақылау; 2) бас бостандығынан айыруға байланысты емес жазалардың орындалуын бақылау; 3) іс жүргізу әрекеттерін орындауда сотқа жәрдемдесу, тағы да басқа жауапты істерді атқару.
Сот приставына кемінде жиырма бір жасқа толған, заң жағында оқыған орта білімі бар, сондай-ақ денсаулық жағдайы жақсы, арнаулы тексерістен өткен Қазақстан Респуликасынын азаматы болып табылатын адам тағайындала алады.
Сотта әділдік жүзеге асып, тәртіп пен адамгершілік нормаларын аттамай, құқықтық жүйенің қатаң сақталуы қамтамасыз етіледі. Ал сот приставы белгіленген құқықтар мен міндеттеріне осы игі істе сай өз септігін тигізеді.
Сөзімді аяқтай келе, сот приставының атқарар жұмысы жауапкершілікті, сабырлылықты, білімділікті талап етеді. Сот приставы на қойылатын талапқа лайықты болуға әр кез дайынмын.
Рахмади Салназаров Ақтау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының приставы