«Бекіре» жедел-алдын алу іс-шарасы кезінде 2300 келі бекіре тұқымдас балық тәркіленді. Шара Маңғыстау облысының аумағында 1 сәуір-31 мамыр аралығында өтіп жатыр, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап. Полиция департаменті ЖПҚ Табиғатты қорғау полициясы бір айдың ішінде 2300 келі бекіре тұқымдас балық тәркілеген. ҚР Қылмыстық кодекстің 339-бабына сәйкес, 21 дерек тіркелген. "Сондай-ақ табиғатты қорғау заңнамасын бұзушылардан жүзу құралдары мен аспалы мотор тәркіленді. ҚР ӘҚБтК-нің 383-бабы бойынша, яғни балық аулау ережелерін бұзу, 87 құқық бұзушылық анықталған", - деп мәлімдеді Маңғыстау облысы полиция департаментіндегілер. Айта кетелік, Қазақстанда өсiмдiктердің немесе жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен айналысуға заңмен тыйым салынған.