©
Елбасының бағдарламасы - еліміздің жарқын болашағының кепілі. Жолдауда барлық салаға халықаралық тәжірбиені енгізудің жобасы нақты көрсетілген. Соның ішінде, сот жүйесіне деген сенімнің артуына қол жеткізу қажет және судьялардың жұмысына заңнан тыс кез келген ықпалды жою маңызды екендігі көрсетілген. "Ұлт жоспары - 100 нақты қадам" бағдарламасына ұласқан сот жүйесін одан әрі жетілдіру бойынша алға қойған міндеттерін жүзеге асыру еліміздің сот төрелігін әлемдік биік деңгейде атқаруға қабілетті, біліктілігі жоғары судьяларды дайындау және іріктеу ісіне серпін береді. Бұл ел дамуының қазіргі тарихи кезеңіндегі сот төрелігін сапалы атқарудағы сот жүйесіндегі басым бағыттарының бірі болып табылады. Еліміздің сот жүйесі Тәуелсіздік жылдарынан бері терең реформаларды басынан өткеріп келгені белгілі. Бүгінгі таңда елімізде сот жүйесінің өзіндік заңдық базасы қалыптасты. Әділ сот жүйесінің жұмысы әлемдік стандарттарға сәйкестендіріп, соттың тәуелсіздігін кепілдендіретін құқықтық тетіктер енгізілуде. Ендігі күні Елбасының бастамасы аясында сот жүйесі одан әрі реформаланып, тәуелсіз сот қалыптасады, әділ сот үдерістеріне халықтың қолжетімділігі арта түседі. Айта кетерлігі, биылғы жылдың өзінде осы бағыттар бірқатар ауқымды жұмыстар атқарылуда. Мәселен, жыл басынан бері сот органдарының автоматтық жүйесі жұмыс жасай бастаған. Ақпараттық технологиялар да сот өндірісіне енгізілуде, ол бұл сот жүйесінің ашықтығын қамтып, сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға септігін тигізбек деген сөз. Сонымен қатар, тағы бір басты мәселе - кәсіби сот жүйесін дамыту. «Азаматтардың сот жүйесіне сенімділігін арттыру көп жағдайда судьялардың кәсібилік деңгейіне байланысты болып табылады. Сондықтан да Елбасы судьяларға қатысты қойылатын біліктілік талаптарын күшейтіп, судья лауазымына кандидаттарды іріктеу тетігін қатайтуды жүктеген болатын. Судьяларға кандидаттар үшін жас шектеулері 30 жасқа дейін ұлғайтылды, соның ішінде кандидаттың сот процесстеріне қатысуы бойынша 5 жылдық жұмыс өтілі міндетті түрде болуы талап етілмек. Сонымен қатар, кандидаттардың кәсіби дағдылары мен біліктілігін тексеру үшін ситуациялық тест жүйесі енгізіледі. Соттарда жаңа келген жұмыс өтілі үш жылға дейінгі жас судьяларға көмекшілер институты енгізілді, олар сот талқылауларына істерді дайындаумен, сот актілерінің жобаларын әзірлеумен айналысатын болады. Бұдан бөлек, ендігіде Әділсот академиясы Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотының жанында қызмет етеді. Аталған академия тұрақты түрде судьялардың біліктілік талаптарын арттыруды қамтамасыз етеді. Судьялар бойынша қолданыстағы тәлімгерлік жүйесі жетілдіріледі. Сот жүйесінің сатылап электрондық іс жүргізу тәсілі «Төрелік» жүйесіне көшіп және сот жұмысының ашықтығын, халыққа қолжетімділігін жетілдіру мақсатында бүгінгі күні ғаламтормен «Сот кабинеті» сервис қызметі арқылы үйде отырып–ақ сотқа тапсыратын құжаттарды жөнелтуге мүмкіндік бар екенін, түрлі себептермен сотқа жүгінулерін (арыздарын, талап-арыздарын, т.б) талаптарын электрондық тәсілмен жолдауға мүмкіндігі жоқ азаматтарға аудандағы халыққа қызмет көрсету орталығынан құжаттарды электрондық тәсілмен жолдау бойынша көрсетілетінін, сонымен қатар, сот істері бойынша сот отырысының хаттамалары дыбыс–бейнежазбалары арқылы жазылады. Елбасы осы мақсатта үкіметке тыныс-тіршілігіміздің барлық дерлік саласын қамтуды мұрат еткен 16 тапсырма жүктеді. Оның ішінде әлеуметтік салаға аса көңіл бөлін¬ген. Бұл қамқорлық, халықтың мемлекет қолдауын қажет ететін бөлігін аса үлкен қуанышқа бөледі. Аталмыш тарихи құжатты өміршең ету бұған дейін жария етілген бес институттық жобаны іске асыруға бағытталған Ұлт жоспарымен астасып жатыр. Бұл ретте биліктің белді бір тетігі – сот билігін жаңа деңгейге көтеру, яғни, реформалау екендігі даусыз. Осы тұрғыда Елбасы реформаларды әрі қарай тереңдете түсу үшін заң үстемділігін қамтамасыз ету – маңызды міндеттердің бірі екендігін атап өткен-ді. Бұл бес институттық реформаның бірі ретінде қарастырылып, «100 нақты қадам» бағдарламасының құрамдас бөлігі болып отыр.Ақтау қаласының №2 сотының судьясы Б.Байгожаев