©
Ақтауда кәріз құдықтарыың бірінен ай-күні жетпеген шақалақтың шаранасы табылды. Бұл туралы Маңғыстау облыстық полиция департаменті мәлімдеді, - деп xабарлайды mangystaumedia.kz сайты ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. «2019 жылдың 10 ақпаны күні шамамен сағат 18.40-та Ақтау қалалық полиция басқармасының кезекші бөліміне 1-ші шағынаудандағы кәріз насосты станциядан шарана табылғаны туралы хабар түсті. Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 100-бабы бойынша іс тіркеліп, сотқа дейінгі бірыңғай тізімге енгізілді», - деп мәлім етті Маңғыстау облыстық Полиция департаментінен. Сот-медициналық сараптама тағайындалды.