Ақтауда сағыз ұрлаған тұрғынға қатысты іс медиацияның көмегімен аяқталды. Сағыз ұрлап, сотталып кете жаздаған "тентекке" жәбірленушінің өзі кешірім беріпті. Бұл туралы mangystaumedia.kz сайтына Ақтау қалалық сотының баспасөз қызметі хабарлады. Сотта анықталғандай, Ш. есімді азамат Ақтау қаласындағы «Дана» супермаркетінен 3 дана «Орбит» сағызының қорапшасын ұрлап кеткен. Әр қорапшада 10 данадан, барлығы 30 дана сағыз болған. Осылайша ол жәбірленушіге барлығы 13.500 теңге шығын келтірген. "Істі қарау барысында тараптар бір-бірімен ымыраға келіп, татуласып, қылмыстық іс медиация тәртібімен қылқартылды", - деп мәлімдеді соттағылар. Яғни сотталушы Ш. жәбірленушіге келтірген шығынды толығымен қайтарып, жәбірленуші оған кешірім берді. Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.