©
Бүгінгі күні «Мінсіз судья» «Үлгілі сот», «Әділ процесс», «Е-СОТ», «Оңтайлы орта», «Сапалы нәтиже», «Сотсыз татуласу орталығы» атты жеті жоба халықтың сотқа деген көзқарасы мен сенімін арттыруға бағытталған.Халық толықтай сотқа үміттеніп сенетін болса, сот үлгілі сот болады. Ол биліктің үшінші тармағының тамыры терең әрі берік екенін көрсетеді. Ол үшін сот төрелегін атқару кезіндегі судьялар мен сот қызметкерлерінің сыртқы және ішкі тәуелсіздігі заңнамалық, құқықтық және материалдық кепілдіктерін арттыру жұмыстары жүзеге асырып, оңтайлы етіп, соттардың жұмысын тиімді ұйымдастыру керек. Оның бірі қолжетімді сот жүйесінде, яғни сот отырысының тараптары заманауи ақпараттық технологияларға сай «True conff» және ВКС арқылы сот ғимаратына келмей-ақ сот отырысына қатысуға болатындығын көрсетеді. Үлгілі сот ұжымына сай болу үшін судьялар мен сот қызметкерлері әдеп-ғұрып нормаларға сай, адами және ұжымның өзара сыйластығы жоғары болуы, халықтың туындаған сұрақтарына қарапайым тілде түсіндіріп жеткізіу қажет. Егерде судьялар мен сот қызметкерлері барлығы мінсіз болса, қалған бағдарлар да осылардың негізінде бір-бірімен байланысты болып дұрыс дамиды, онда үлгілі сот болуына күмән жоқ. Сот қызметкерлері, судья көмекшілері мен судьялар халық қызметшісі екендігін ұмытпауы тиіс! Егерде сотқа үміттеніп, көмек іздеп келген халыққа моральдық, психологиялық климат қалыптастырып, жанашырлықпен қарап, арыздың нысанына сай тапсыру үшін қандай құжаттар керек екенін дұрыстап айтып, сот актілерін уақытылы табыстап, істерді қарау мерзімін бұзуды мүлдем болдыртпасақ соттардың қызметіне жоғары баға берілуіне сай болады. Қазіргі таңда қоғам мен соттар арасында үлгілі қарым-қатынас орнату үшін барлығымыз ат салысуымыз қажет. Аталған жобаның басты мақсаты, яғни біздің ортақ міндетіміз-халықтың соттарға деген сенімін арттыру. Сот саласы жаңа бір сапалық сатыға көтерілетініне сенім мол!Ақтау қаласының № 2 сотының бас маман сот мәжілісінің хатшысы А.Н. Худибаева