Ақтау гарнизоны әскери сотының төрағасы М.С.Алдабергенов ҚР ҚМ- не қарасты 25744 әскери бөлімінің мәжіліс залында Ақтау гарнизоны әскери прокуратурасының аға прокуроры Н.Нурбергеновтің, Қазақстан Республикасы ҚМ-нің 25744, 51809 әскери бөлім басшылары және әскери қызметшілерінің қатысуымен кездесу өткізді.
Сот төрағасы М.С.Алдабергенов «100 нақты қадам» бағдарламасы бойынша Елбасы Н.Назарбаевтың сот саласының алдына қойған міндеттері мен талаптары туралы түсіндірме берді. Жаңашыл бағыттағы реформаның табысты орындалуы, заң үстемдігін қамтамасыз етуге тікелей байланысты сот қызметінің ашықтығын, жариялығын жүзеге асыруға, халық пен сот арасын жалғастырып, ықпал ету тетігі бұқаралық ақпарат құралдарына қажетті ақпарат беру, заңды қолдану, сот төрелігін жүзеге асыру мәселелеріне тоқталды.
Кездесу соңында әскери қызметшілердің көкейіне жүрген сұрақтар бойынша тұжырымды жауап берілді.
25744 әскери бөлімінің заңгері Т.Бұзаубаев