Коррупция тарихының тамыры «Сыйылық беру» әдет-ғұрыпынан бастау алады. Ертеректегі қоғамда тайпа көсеміне қымбат сыйлық беру қалыпты жағдай ретінде қаралаған. Кейінірек қоғамымыз дамып, адамдар қоғамды басқару жүйесінің жаңа моделін тауып, мемелекеттер құраған. Мемлекеттік аппараттың күрделенуіне, ортақ өкімет билігінің дамуына байланысты қоғамда білікті шенеуніктер пайда болып, олардың мемлекетке жасаған еңбектері үшін көлемі нақты түрде анықталған жалақылар белгіленіп, төленген. Алайда, білікті шенеуніктердің кейбіреулері берліген биліктерін асыра пайдаланып, өздерінің белгіленген жалақыдан тыс кірістерін ұлғайтпақшы болып, ақшалай және заттай сыйлықтар алғандарын қоймаған. Осыған орай, жемқорлықпен күрес көне заманнан бастап жүргізілген. Міне, қоғамның дамығанына қаншама ғасырлар өтсе де, адамның сана-сезімінің дамыпғ өсуіне қарамастан, күні бүгінге дейін жемқоролық қоғамымыздың індеті болып, келеді. 1998 жылдың 2 шілдесінде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» заң қабылданған болатын. Осы заңда сыбайлас жемқорлықпен күресу әрбір мемлекеттік орган басшыларының, ел азаматтарының міндеті екендігі атап көрсетілген. Аталмыш заң азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, сыбайлас жемқорлық көріністерінен туындайтын қауіп-қатерден еліміздің ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, жемқорлыққа қатысты құқық бұзушылықтың алдын алуға бағытталған. Осыған орай, сот органдары да «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» заңның талаптарын жүзеге асыру мақсатында игі іс-шаралар атқаруда. Атап айтсақ, сот органдары «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасы заңының талаптарына сәйкес, Жоғарғы Сотта, жергілікті және оларға теңестірілген соттарда жеке және заңды тұлғалар өкілдерінің өтініштері бойынша жедел түрде шара қабылдау үшін «Сенім телефондарын» орнатқан, олардың нөмірлері бұқаралық ақпарат құралдары арқылы халық назарына жүйелі түрде жеткізіледі. Мұнымен қоса, әрбір сот ғимаратының ішіндегі қолжетімді жерлерде жеке және заңды тұлғалар өкілдерін сот төрағасы қабылдауының мемлекеттік жіне орыс тілдерінде кестесі орнатылған. Кез келген сот процесінің толық, объективті өткізілуін бақылау үшін, әрбір сот залында дыбыс-бейнекамералар орнатылған. Жалпы жемқорлықпен, құқық бұзушылықпен күрес мәселесі тек мемлекеттік ғана емес, Қазақстан Республикасының әрбір азаматының міндеті әрі халық алдындағы борышы екенін естен шығармағанымыз жөн.
Шолпан Маликова
Ақтау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының судьясы