ГМ-172/10 мекемесінде ауысым қызметкерлерінің жұмысы мынадай тәртіппен ұйымдастырылады.
Тергеу изоляторы бастығының кезекші қызметінің көмекшісі және орынбасары күнделікті жұмыс уақытынан жарты сағат бұрын келіп, ауысым қызметкерлерінің толық келуін және киім үлгілерін қадағалап, оларға арнайы құралдар және атыс қаруларын журнал бойынша таратып, қызметке дайындайды.
Тергеу изоляторы бастығының кезекші қызметінің көмекшісі тексеруден соң жеке құрамды сапқа тұрғызып, мекеме бастығына және орынбасарларына баяндайды.
Мекеменің басшы құрамы жеке құрамға және ауысым бақылаушыларына ҚР Конституциясы, Заңдарының және 2015 жылғы 11 қарашадағы “Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес” туралы №410-V заңы, ҚР ІІМ бұйрықтары мен нұсқаулықтары, ҚР Құқық қорғау қызметі туралы 380-1 Заңы 8 тарауының 1 тармағы, ҚР “Адамдарды қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін арнаулы мекемелерде ұстау тәртібі мен шарттары туралы” № 353-1 Заңы 44 бабының 1 тармағы, ҚР Әдеп кодексі бойынша нұсқаулықтар өткізеді. Сондай-ақ аталған заңнамалармен бұйрықтарды бұлжытпай орындалуын тергеу изолятор бастығының кезекші қызметінің көмекшісі қадағалауға алады.
ГМ-172/10 мекеме бастығының
кезекші көмекшісі әділет майоры Т.Бисеков