©
Маңғыстау облысы прокуратурасы жылу мен электр энергиясына баға қалыптасу саласында заңдылықтың сақталуына тексеріс жүргізіп, бірқатар заңбұзушылықты анықтады, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Мəселен, Бейнеу ауданындағы «Бейнеуэнергосервис» МКК заңнама нормаларын бұзып, монополияға қарсы органмен келіспей, 1 кВт электроэнергияға бағаны 0,4 тенгеге өсірген. Осы əрекетінің нəтижесінде мекеме 12,5 млн. теңге заңсыз табыс тапқан.
"Прокурорлық қадағалау актісімен кәсіпорын 1,2 млн. теңге айыппұл түрінде әкімшілік жауаптылыққа тартылды", - деп мəлімдеді МО прокуратурасының баспасөз қызметі.
Прокуратураның араласуымен, электр энергияның бағасы қайтадан 20,26-ден 20,03 теңгеге төмендеген.
Камшат ОҢҒАЛТАЙ,
Көрнекі сурет сайттың архивінен