"Қазақстанның әлеуметтік желілер арқылы терроризмді насихаттады деген күдікпен 10 адам ұсталды", - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ұлттық қауіпсіздік комитеті Алматы қаласының, Ақмола, Алматы және Қарағанды облыстарының 10 тұрғынын 2018 жылғы 27 қазан күні ұстады. Олаға интернеттің әлеуметтік желілері мен мессенджерлерінде жүйелі түрде экстремистік контентті тарату жолымен терроризмді насихаттады және діни алауыздықты қоздырды деп күдік келтірілуде.
"Діни материалдар орналастырылған чаттар мен қоғамдастықтарда Қазақстанның 15 өңірінің діндар тұрғындары қатарынан барлығы 180-нен артық қатысушы тұрған", - деп хабарлады ҰҚК.
Қазіргі уақытта ұсталған адамдардың терроризмді қаржыландыру мен өзге де көмек көрсетуге жеке қатыстылығы туралы деректер тексерілуде.
Тергеу іс-шаралары жалғасуда.