©
Маңғыстау облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының 2018 жылғы 21 қыркүйектегі қаулысымен облыс прокуратурасының өтінішхаты қанағаттандырылып, Ақтау қалалық сотының ақтау үкімінің күші жойылды, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты Маңғыстау облыстық прокуратурасына сілетеме жасап.
Ақтау қалалық соты 2018 жылғы 6 тамызда контрабандаға оқталу жəне ескірткі заттармен заңсыз жұмыс жасау баптарымен айыпталған Әзірбайжан Республикасының азаматы А.С.Гулиевті ақтап, сот залынан босатқан.
Алайда облыстық прокуратура үкімді қайта қарау бойынша өтінішхат тастаған. Маңғыстау облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы А.Гулиевті ҚР Қылмыстық кодексінің 24-бабының 3-бөлігі, 286-бабы 2-бөлігінің 4) тармағы (контрабандаға оқталу) және 296-бабының 3-бөлігі (ірі мөлшердегі есірткі заттармен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу) бойынша кінәлі деп таныды. Ол жаңа айыптау үкімімен 5 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айырылды.
Осы қаулымен қылмыстық қудалау органына және прокурорға шығарылған бірінші сатыдағы соттың жеке қаулыларының күштері де жойылған.
Камшат ОҢҒАЛТАЙ Көрнекі сурет сайттың архивінен