©
2018 жылдың наурыз айында қабылданған жаңа қаулы жүзінде, терроризмге қарсы осал обьектілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында Маңғыстау облыстық ішкі істер департаментінің терроризмге қарсы күрес бөлімінің басшысы Дәулет Қартжанов пен мемлекеттік және жекеменшік қызмет көрсету орталықтарының басшыларымен бірлескен жиын өтті.
Қазақстан Үкіметі қабылдаған №191 қаулы бойынша ғимарат аумағы толықтай цифрлы бейнекамера мен газ, су құбырларының сызбасымен жасақталып, жергілікті ішкі істер департаментінің қауіпсіздік бөліміне тапсырылғаны жөн.
- Мейлі, мемлекеттік мекемеге жататын әкімшілік, түрлі бағытта қызмет көрсету, мектеп, спорт алаңдары, балабақша ғимараты болсын, жеке кәсіпкерлер иелігіндегі халық көп жиналатын орындар болсын, толықтай жады 30 күнге дейін ақпаратты сақтай алатын соңғы үлгідегі цифрлы бейнекамерамен жасақталып, обьекті сызбасы түсірілген құжаттарды осы жылдың соңына дейін тапсыруы тиіс, себепсіз кешіктірілген жағдайда мекеме басшысы жауапқа тартылып, айыппұл төлейді, - деп мәлімдеді Дәулет Азбергенұлы.
Сондай-ақ жиын соңында мазалаған сұрақтарға жауап беріліп, құжаттар рәсімдеуді жеңілдету үшін кез-келген заңды тұлға Маңғыстау облыстық ішкі істер департаментінен нұсқау алып отыруға болатыны айтылды.
Мадияр ТӨЛЕУОВ