©
Алматы қалалық прокуратурасының өкілі Денис Тенді өлтірген екінші күдікті ұсталды деп мәлімдеді, - деп хабарлады Тенгриньюс сайты.
Оны іздестіру жұмыстарына Ішкі істер министрлігінің өкілдері толықтай жеке құрам мен аумақтық Ішкі істер департаментінің күштерін жұмылдырылған.
Күдікті Құдайбергенов Арман Қызылорда облысының тумасы, 1994 жылы дүниеге келген.
Мұның алдында Денис Тенді өлтірді деген күдіктілердің бірінің ұсталып, өз қылмысын мойындағаны айтылған еді. Алматы прокурорының мәліметінше, ұсталған бірінші күдіктінің аты-жөні - Қиясов Нұралы Дәулетбекұлы. Күдікті 1994 жылы дүниеге келген, Жамбыл облысының тумасы. Қазіргі уақытта ол уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Естеріңізге сала кетейік, кеше Президент Нұрсұлтан Назарбаев Денис Теннің қайтыс болуына байланысты туған-туысқандары мен жақындарына көңіл айтты.
Бүгін Ақтау халқы Қазақстан Республикасының мұзда мәнерлеп сырғанау шебері Денис Тенмен қоштасты.
Камшат ОҢҒАЛТАЙ,
Сурет сайттың архивінен