©
Медиация дауларды сотқа дейін реттейтіні белгілі. Ал мектеп медиациясы ұғымы нені меңзейді? Кәсіби медиаторлардың айтуынша, мектепте ата-ана мен мұғалім, мұғалім мен оқушы, басқа да мамандар арасында дау-дамайлар туындауы мүмкін. Ал кейде олар тым шектен шығып жатады. «Ең алғаш мектеп медиациясы 1980 жылдары АҚШ-та пайда болған. Менің ойымша, білім саласындағы кез келген маман мектеп медиациясы ұғымымен таныс болуы керек. Мамандардың айтуынша, әр мектепте бес-алты медиатор болғаны жөн. Медиаторлардың айтуынша, мектептегі медиация – кешенді әдістеме. «Оның мақсаты – балаға тәрбие беру, білім беру салаларында қауіпсіз орта қалыптастыру. Яғни, осы саладағы кез келген субъект арасындағы дауларды шешуге медиацияның осы түрі атсалысады.
ТАҒЫ ОҚЫҢЫЗ: Былтыр арнайы қор маңғыстаулық 5 имамға қаржылай көмек көрсеткен
Сондай-ақ мектепке дейінгі тәрбие, ЖОО, орта білім беретін мекемелер, қиын балалармен жұмыс істейтін орталықтар үшін, ата-аналар үшін де пайдалы. Бұл әдістеме балалардың үлкен өмірге аяқ басуына, үлкен әлеуметтік ортаға тез бейімделуіне көмектеседі. Мектеп медиаторы ең алдымен білім беру саласында қызмет ететін адам болғаны жөн деп есептеймін. Жиында белгілі болғандай, оларды дайындау модульді принцип бойынша белгілі бір бағдарламалар арқылы жүзеге асырылады. Осы ретте бұл мамандарды психолог немесе әлеуметтік педагогтардан қалай ажыратуға болады деген сұрақ туындары сөзсіз. «Мектеп медиаторы ретінде ұстаз да, педагог, психолог, әлеуметтік педагог та қызмет ете алады. Мектеп медиациясы осы мамандықтарды толықтырып тұр деуге болады. Оның негізгі қызметі - білім беру саласындағы адамдар арасындағы қарым-қатынастарды реттеу», дейді сарапшы. Кездесу барысында саяси ғылымдар докторы медиацияның бұл түрі өте маңызды екенін ерекше атап өтті. Сондықтан да оның болашақта кең тарайтынына сенім білдірген медиатор қазірден бастап медиацияның осы түрін назарға алу керектігін атап өтті. Естеріңізге сала кетсек, 2017 жылдың 26 қаңтарында даулардың жекелеген санаттары бойынша оларды медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді енгізу бойынша пилоттық жобаны іске асыру туралы ережеге қол қойған болатын. Ал мектеп медиациясы Қазақстан тәжірибесіне әлі енгізіле қойған жоқ.
Гауһар Мусағалиқызы Кузембаева Маңғыстау облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының бас маманы