Мәдениет пен тазалық, тәртіп әрт адамның өзінен басталуы тиіс. Өйткені осы тұрғыдағы немқұрайлық пен салғыртықтын кесірі көпке тиуі мүмкін. Оны күнделікті өмірде байқап жүрміз. Мысалы, судья ретінде айтар болсам жыл басынан бері қаруға келіп түскен істердің 30 пайыздайы қоғамдық тәртіпке және имандылыққа қол соғатын ұсақ әкімшілік құқықбұзушылықтарға қатысты болып отыр. Бұндай істер әкімшілік кодекстін 434-бабында қарастырылған. Яғни біз сөз етіп отырған ұсақ бұзақылыққа қоғамдық орындарда былапыт сөйлеу, жеке тұлғаларды қорлау, тиісу, тұрғын-үй жайларды, ортақ пайдалану орындарын ластау белгіленбеген орындарға комуналдық қалдықтар тастау, жеке тұлғалардың тыныштығын бұзу секілді күнделікті өмірде жие кездесетін жағдайлар жатады.
Жалпы ұсақ құқық бұзушылыққа барған тұлғаларға 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынады немесе 10 тәуікке дейін әкімшілік қамаққа алынады. Егерде әкімшілік жаза қолданылғанна кейін 1 жыл ішінде алдыңғы әрекеті қайталанылатын болса әкімшілік қамаққа алу мерзімі 15 тәулікке дейін ұзартылады. Ал әкімшілік қамаққа алу қолдануға болмайтын жағдайларда құқықбұзушыға 20 айлық көрсеткіш көлемінде айыппұл салынады. Осы орайда салынған айыппұлды бір апта ішінде төлесен 50 пайызы ғана алынады деп қателесіп жатады. Сот арқылы салынған айыппұл әр қашанда толығымен төленуі тиіс. Қазіргі пайдаланылатын әкімшілік кодексте енгізілген өзгерістерге сай, ұсақ құқықбұзушылықтарға қатысты жаза күшейтілді. Мұның барлығы халқымыздың мәдинеті әрі қоғамдық ортаға деген құрметті күшейті мақсатында жасалған нәрселер.
Ақтау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының судьясы Б.ПАЗЫЛОВ