©
Біз мүлде жаңа қоғамда өмір сүріп жатырмыз. Жаңа қоғамның сипаты іскерлік болса, бұл жолда жетістіктеріміз де аз емес. Ал шешімі күрделі мәселелер де бар. Ол –әлеуметтік мәселе, ол-коррупция. «Сыбайлас жемқорлық» деген түсінік мағынасына этимологиялық қарау мұңы «параға сатып алу», «пара» ретінде, латын сөзін алып, анықтауға мүмкіндік береді.
Мемлекеттің дамуына бармақ басты, бұрынғы өткен ата-бабаларымыз да дөп басып «тура биде туған жоқ, туғанды биде иман жоқ» деген. Олардың әділдік пен турашылдықты ту еткендігін ғасыр қайраткерлері Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би және тағы да басқа біртуар билер мен шешендердің өмірі дәлел болатындығын біз тарихтан жақсы білеміз.
Сондықтан сыбайлас жемқорлықпен күресу барлық Қазақстан Республикасы азаматтарының борышы деп білуі керек.
Маңғыстау облысының
кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі
мамандандырылған ауданаралық
сотының судьясы Ж.Жусупова