©
Қазақстан Республикасының «Медиация туралы» 28.01.2011 ж. Заңы елімізде дауларды шешудің жаңа баламалы түрін бекітіп, республикада дауларды соттан тыс реттеу институты енгізілді.
Медиация заңға сәйкес жеке және заңды тұлғалардың қатысуымен азаматтық, еңбек, отбасылық және өзге де құқық қатынастарынан туындайтын,сондай-ақ, онша ауыр емес және ауырлығы орташа қылмыстар туралы істер бойынша сот ісін жүргізу барысында қаралатын даулар бойынша қолданылады.
ҚР АПК-де сот өндірісіне түскен азаматтық істер бойынша істі қарауға әзірлік жүргізу барысында тараптарға міндетті түрде араларындағы дауды медиация тәртібімен шешу мүмкіндігі туралы түсіндіріледі. Медиация қолдану аясын кеңейту үшін ол жөнінде насихат жұмысын қолға алу қажет.
Процестің кодексінің бұл ерекшеліктері медиацияның іс жүргізудің барлық сатысында өткізіуіне мүмкіндік береді. Медиацияның мемлекет және ең маңыздысы халық үшін жағымды жақтары көп болғандықтан соңғы реформалары оны дамытуға бағытталған. «Медиация туралы» заңының қолдануы өркениет көшіне бағыт бет түзеген біздің қоғамымызда оң өзгерістердің жүзеге асырылып жатқандығының айқын көрінісінің айғағы.
Маңғыстау облысының
кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі
мамандандырылған ауданарылық сотының
бас маманы Ш.Абуова