Ақтау гарнизоны әскери сотында «Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің жаңа нормалары туралы» тақырыбына брифинг өткізілді.
Сот төрағасы М.Алдабергенов өз баяндамасында жаңа Еңбек кодексі бес институционалдық реформаны орындау үшін әзірленген. Жаңа кодексте мемлекетпен белгіленген ең төменгі еңбек стандарттарының кепілдіктері мен қызметкерлерге өтемақы, сондай-ақ жұмыс беруші тарапынан олардың орындалуын қатаң бақылау қамтамасыз етілген. Жұмыс беруші мен қызметкерлер арасындағы қарым-қатынас көбінесе өзін-өзі реттеу, әлеуетті ұжымдық келіссөздерді күшейте отырып, жалға алу, кадрлық ауыстыру, қызметкерлерді жұмыстан шығару, жұмыс уақыты, шарттар мен олардың еңбегіне ақы төлеу принциптерінің қағидаттары мен құрылады,- деп атап өтті.
Брифинг тақырыбын талқылау барысында төраға барлық қойылған сұрақтарға жан-жақты жауап берді.
Ануар ЖӘНІБЕК, Батыс Қазақстан аймақтық «Сахара» газетінің Маңғыстау облысындағы тілшісі