Маңғыстауда 22 қаңтар мен 18 ақпан аралығында республикалық маңыздағы «Автобус» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде. Полиция қызметкерлері ауданаралық, қаларалық, облыс және халықаралық жолдарда, маршруттардың соңғы аялдамаларында автобустардың техникалық жай-күйін тексеріп, автобус паркінің жағдайын бақылауға алды.
Жедел-профилактикалық іс-шара кезінде облыс көлемінде ішкі істер органдарының 250 қызметкері, соның ішінде 208 жол-патрулдік полициясының, 42 ІІД басқа қызметтерінің қызметкерлері жұмылдырылды.
Іс-шара кезінде автобус жүргізушілерінің 367 әкімшілік құқық бұзушылығы анықталды. Автобус паркінің 5 лауазымды тұлғасы әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
«Маңғыстау облыстық ІІД Әкімшілік полиция басқармасы және жергілікті полиция қызмет жол-патрулдік полициясының қызметкерлері автобус парктерінде міндетті және рейд алдындағы техникалық байқаудың өткізілуін, жүргізушілердің алдын-ала, мерзімді, рейс (ауысым) алдында медициналық тексеруден өтуін, еңбек және демалыс режимінің сақталуын қадағалап келеді», - деп хабарлады Маңғыстау облысы ІІД баспасөз қызметі.
Іс-шара барысында полиця қызметкерлері Ақтаудағы маршруттардың тиісті құралдармен толық жабдықталуын, облыс автожолдарындағы автобустар мен автобус ретінде заңсыз жабдықталған көліктердің техникалық жағдайын, заңсыз жолаушы тасымалдамауын тексерді.
Камшат Әбдірайым Суреттерді түсірген Талант ҚҰСАЙЫН
[gallery td_select_gallery_slide="slide" ids="48330,48331,48332,48333,48334"]