©
Бұл туралы Маңғыстау облыстық ІІД баспасөз қызметі хабарлады.
"Өткен жылы облыс аумағында 328 жол-көлік апаты болды. Салдарынан 87 адам қаза тауып, 413 азамат түрлі деңгейдегі жарақат алған", - деп мәлімдеді ресми орган.
Биыл өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда жолдағы апат саны төмендеген. Дегенмен жаяу жүргіншілер жағынан да, көлік жүргізушілері тарапынан да құқық бұзушылықтар болады екен.
Жол-көлік оқиғаларының алдын алу, азаматтарға жол қозғалысы жөніндегі заңнаманы түсіндіруді мақсатында кеше "Ақтау-Жаңаөзен" тас жолындағы №17 бекетте Маңғыстау облысы ІІД мен Мұнайлы және Қарақия ауданы ІІб қызметкерлерінің бірлесуімен «Жолда қабылдау» облыстық акциясы өтті.
Акция барысында жергілікті полиция қызметі мен «Нұр Отан» партиясының өкілдері 328 азаматқа жол қозғалысы ережелеріне қатысты кеңес берді. Сонымен қатар тұрғындарға ақпараттық материалдар таратылып, жауапты тұлғалардың жол қозғалысы ережелеріне қатысты қысқаша баяндамалары тыңдалды.
«Жолда қабылдау» акциясының көздеген мақсаты да осындай заң бұзушылықтарды болдырмау үшін азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру, оларға түсіндіру, кеңес беру жұмыстарын жүргізу", - дейді мамандар.
Кездесу соңында "Борышкер" акциясы бойынша айыппұлдарды өндіру шарасы жалғасын тапты. Кездесуге 64 аудан тұрғыны қатысты, олардың 16-сы жеке қабылдауға келген.
Камшат ӘБДІРАЙЫМ,
Суретті МО ІІД баспасөз қызметі ұсынды