Ақтау қалалық сотында бұрын көлік құралын басқару құқығынан айырылғанына қарамастан, «Skoda rapid» маркалы автокөлігін алкогольдік масаң күйінде басқарған П.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды. Бұл туралы Ақтау қалалық сотының баспасөз қызметі хабарлады.
Ол мас күйінде көлік жүргізіп, жол көлік ережесін бұзып, көше бойындағы ағашқа соқтығысқан.
Ақтау қалалық сотының үкімімен П. ҚР Қылмыстық кодексінің 346-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 25 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде 56 725 теңге айыппұл жазасы тағайындалды.
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.