Ақтау қаласындағы 6656 әскери бөлімінің базасында, Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланы заң қызметтерінің бастықтары және офицерлерімен, өңірлік қолбасшылықтардың қолбасшылары, әскери бөлімдердің командирлері мен Әскери институт бастығының көмекшілерімен оқу-әдістемелік жиыны өткізілді.
Әскери қызметшілердің деңгейін арттыру, кәсіби дайындығын сондай-ақ тұрғын үй қатынастары туралы, қорғаныс және әскери қызмет мәселелері заңнамадағы өзгерістерге байланысты Ақтау гарнизоны Әскери сотының төрағасы М.С.Алдабергенов және судья Б.Ж.Омаров оқу-әдістемелік жиын қатысушыларына оқу-әдістемелік жиын өткізді.
Іс-шараның соңында сот төрағасы оқу-әдістемелік жиынға қатысушыларға сәттілік тіледі.
6656 әскери бөлімінің заңгері Ж. Даулетбеков