17.05.2017 жылы сағат 10:50 шамасында Мұнайлы ауданы Атамекен селосында № 571 үйдің жанында алдын өзі азамат Б. көшесі бойында салмағы 0,47 грамм болатын есірткі зат «кептірілген марихуананы» тауып алған, сосын өткізу мақсатынсыз сақтап және өзін тұрғылықты жеріне тасымалдап, сағат 19:52 шамасында Мұнайлы ауданы Басқұдық селосына орталық тас жолда Мұнайлы АІІБ ЖПҚ қызметкерлерімен тоқтатып, өзімен бірге заңға қайшы заттардың бар жоқтығын сұрағанда, ол өз еркімен үстіне киген көкшіл түсті қысқы күртесінің сыртқы оң қалтасынан бір дана ақ қағазға оралған есірткі зат «кептірілген марихуана» табылып, куәгерлердің қатысуымен алынған. Сот отырысында Б. азаматы айыбын толық мойындап, яғни есірткі заттарды сату мақсатынсыз заңсыз сақтау, тасымалдау деген қылмыстық теріс қылықтар жасаған. Сот оған Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 296 бабы 2 бөлігімен кінәлі деп танып, оған оған отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, яғни 68070 теңге (алпыс сегіз мың жетпіс) теңге көлемінде айыппұл салынсын.
Мұнайлы аудандықсотының баспасөз қызметі