Қазақстан Республикасы Үкіметінің 16.11.2014 жылғы «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін және ережесін бекіту туралы» №72 Қаулысына сәйкес, азамат «Ж»-ның өтініші негізінде келісім шарт жасақталып, оған 148470 теңге көтерме жәрдемақы тағайындалған, аталған келісім шартты бойынша «Ж» көрсетілген әдеуметтік қолдау шараларын алған кезде ауылда орналасқан орта мектебінде кемінде 3 жыл қызмет етуге міндеттелген, алайда өз міндеттемесін орындамай өз еркімен жұмыстан шығып кеткен.
Соттың шешімімен «Ж»-ның келісіммен белгіленген міндеттемелерін тиісті түрде орындамағанына байланысты берілген 148470 теңге көтерме жәрдемақы жергілікті бюджет пайдасына кері өндірілген.
Шешім заңды күшіне еңбеген.
Мұнайлы аудандық сотының баспасөз қызметі