Мұнайлы аудандық сотында ҚР ӘҚБтК-нің 73 бабының 1 бөлігімен азамат Н-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.
Іс құжаттарына сәйкес, құқық бұзушы Н. отбасы-тұрмыстық қатынастағы балдызы Н-ға балағат сөздер айтып, былапыт сөйлеп қорлап тиісіп, отбасы-тұрмыстық қарым-қатынастағы адамға сыйламаушылық білдіретін әрекеттер жасаған.
Сотта, жәбірленуші Н. жездесі Н-мен медиация арқылы өзара татуласып, бітімгершілікке келгендерін көрсетті.
ҚР ӘҚБтК-нің 73-бабының 1-бөлігімен Н-ға қатысты әкімшілік іс жәбірленушімен медиация арқылы бітімгершілікке келуіне байланысты және
ӘҚБтК-нің 64-бабына сәйкес сот өндірісінен тоқтатылды.
Мұнайлы аудандық сотының баспасөз қызметі