Маңғыстау облысы Мұнайлы аудандық сотымен жауапкер К.-дан талапкер Б.-ның пайдасына қарызды және сот шығындарын өндіру туралы азаматтық ісі қаралды.
Сот мәжілісі барысында анықталғандай, 16 желтоқсан 2016 жылы жауапкер талапкерден «Киа Рио» маркалы автокөлігін 3 000 000 теңгеге келісіп сатып алып, 1 400 000 теңгесін сол күні беріп, қалған соммасын 07.03.2017 жылға дейін қайтаруға міндеттеніп, қол хат берген. Алайда көрсетілген мерзімге жауапкер талапкерге қарызын қайтармаған. Сол себепті талапкер сотқа жүгінуге мәжбүр болған.
Сот мәжілісінде талапкер осы күнге дейін жауапкер өзіне 570 000 теңге қайтарғанын көрсетіп, жауапкерден өзінің пайдасына 830 000 теңгені және аталған сомма бойынша сот шығынын өндіріп беруді сұраған
Жауапкер К. талапкердің төмендеткен соммасын мойындады.
Мұнайлы аудандық сотымен талапкердің талап арызын қанағаттандыру туралы шешім қабылданды.
Шешім заңды күшіне енген жоқ
Мұнайлы аудандық сотының баспасөз қызметі