Мұнайлы аудандық сотында борышкер М-ға қатысты сот бұйрығын шығару жайлы азаматтық іс қаралды.
Сотта, өндіріп алушы Т., сотқа арыз беріп, онда өзінің 2013 жылы азамат М-мен заңды некеге тұрып отбасын құрғанын, осы некеден кәмелет жасқа толмаған 4 баласы бар екенін, ол балаларына өзеркімен материалдық көмек көрсетпейтінін, араларында алимент төлеу жөнінде келісім жоқ екенін, сондықтан борышкер М-дан балаларына алимент өндіру жайлы сот бұйрығын шығарып беруді сұрайтынын көрсеткен.
Сот өндірі палушы Т-ның пайдасына балаларына сырауы үшін, борышкердің барлық табысының және де өзге де кірісінің тең жартысы мөлшерінде ай сайын алимент өндіру жайлы сот бұйрығын шығарды.
Сот бұйрығы заңды күшіне енген.
Мұнайлы аудандық сотының баспасөз қызметі