Азамат «А» 300000 теңге айына 10 % өсімімен қарызға алып, «Т»-ге қолхат жазып беріп, алайда қарызын күні бүгінге дейін қайтармаған. «Т» сотқа берген арызында «А»-дан қарыз ақша 300000 теңге және сыйақы ретінде 270000 теңге өндіруді сұраған.
Сот, шарт бойынша қарыз пайдалану мерзімі нақты бір ай деп айқындалғанын ескеріп, жауапкерден сыйақы ретінде (300000 х 10% = 30000 тенге х 1 ай) 30000 теңге өндірілуге жатады деп, жаупкерден талапкердің пайдасына 300000 теңге қарызын өндіріп, ал сыйақы мөлшерін 30000 теңгеге дейін азайтқан.
Шешім заңды күшіне еңбеген.
Мұнайлы аудандық сотының баспасөз қызметі