10 шілде 2017 жылы Мұнайлы аудандық сотында талапкер Т.Ж.-ның жауапкер Ж.У.-дан баласы үш жасқа толғанша 15 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде алимент өндіру туралы талап арызы бойынша қозғалған азаматтық іс қаралды.
Талапкер аталған талап арызымен сотқа жүгініп, онда жауапкермен заңды некеге тұрғанын, ортақ некеден бір баласының бар екенін, қазіргі кезде жауапкер екеуінің бөлек тұратындарын, сотқа некені бұзу туралы талап арыз бергенін, өзінің жұмыс жасамайтынын баласының тәрбиесімен үйінде отырғанын, баласы үш жасқа толмағанын, жауапкер материальдық көмек көрсетпейтінін көрсетіп, баласы үш жасқа толғанша өзінің пайдасына алимент өндіруді сұраған.
10 шілде 2017 жылғы сот шешімімен талапкердің талап арызы ішінара қанағаттандырылып, жауапкерден талапкердің пайдасына баласы үш жасқа толғанша 7 (жеті) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде алимент өндірілді.
Шешім заңды күшіне енген жоқ.
Мұнайлы аудандық сотының баспасөз қызметі