Мұнайлы аудандық сотында Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 608-бабының 6-бөлігімен әкімшілік құқық бұзған азамат Т-ға қатысты іс қаралды.
Азамат Т., автокөлік құралын жүргізу құқығы жоқ бола тұра, Мұнайлы ауданы, Басқұдық селосындағы орталық тас жол бойында автокөлігін алкогольді масаң күйінде басқарған.
Сот отырысында азамат Т. өзінің кінәсін толығымен мойындады. Сондай-ақ, оның әкімшілік құқық бұзушылық әрекеті әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамамен, медициналық куәландыру қорытындысымен және іске тіркелген өзге де құжаттармен толық дәлелденіп бекітілді.
Сот қаулысымен азамат Т. Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 608-бабының 6-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 20 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды.
Қаулы заңды күшіне енген.
Мұнайлы аудандық сотының бапасөз қызметі