Ақтау гарнизоны әскери сотында «Атқару өндірістерін қозғаудан бас тарту және негізсіз кері қайтарудағы атқару парақтары» атты тақырыпта семинар-кеңес өткізілді.
Іс-шараға Ақтау гарнизоны әскери сотының төрағасы М.Алдабергенов, кеңсе меңгеруші Ж.Қолғанат, Ақтау аумақтық бөлімі филиалының басшысы А.Кенжебаев, сондай-ақ мемлекеттік және жеке сот орындаушылар қатысты.
Іс-шараны өткізудің мақсаты- атқарушылық іс жүргізудің жылдам орындалуын арттыру және атқарушылық құжаттарды қайтару фактілерін болдырмау.
Семинар кеңесті ашып, төраға М.Алдабергенов атқарушылық құжаттарды қайтару фактілерін болдырмау керектігін айта келе, 2016 жылы сот орындаушылар тарапынан атқарушылық іс жүргізу құжаттарын қайтару себептері орын алғанына тоқталды.
Кеңсе меңгеруші Ж.Қолғанат өз баяндамасында ағымдағы жылы 4 атқару парағы жолданғанын, оның ішінде 1 атқару парағы орындалып, қалған 3 атқару парақтары орындалуда екенін, сондай-ақ, осы жылы жолданған атқару парақтары бойынша негізсіз қайтару және атқару өндірісін қозғаудан бас тару фактілері орын алмағанын атап көрсетті.
Іс шара соңында сот орындаушылар тарапынан айтылған мәселелерді басты назарға алатындықтарын жеткізді.
Ақтау гарнизоны әскери сотында мұндай іс-шаралар тоқсан сайын өткізіліп тұрады.
Мемлекеттік сот орындаушы Е. Абдуллаев